Дональд Трамп Trump

Нью-Йорк федералдық соты АҚШ Президенті Дональд Трампқа өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқырмандарды бұғаттауға тыйым салды. Сот желі қолданушыларын бұғаттау Конституцияның сөз бостандығы туралы ережесіне қарсы келеді деп мәлімдеген. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Дональд Трамп өзінің Twitter аккаунтында оның шешімдерін сынаған оқырмандарын бұғаттап келген. Сот тыңдауы былтыр басталған. Сотқа талапарызды Дональд Трамптың үстінен оның Twitter-дегі аккаунтында бұғатқа түскен бірнеше адам берген екен.

«Біз @realDonaldTrump аккаунты – қолданушылардың президентпен тікелей қарым-қатынас жасайтын интерактивті кеңістік деп санаймыз. Жоғары сот қабылдаған доктринаға сәйкес, ол «қоғамдық форум» ретінде қаралуы тиіс, сондықтан арыз берушілерді саяси пікірлері үшін бұғаттау Конституцияның бірінші өзгерісіне қайшы келеді», — деп мәлімдеді істі қараған сот Наоми Рейс Бучвальд.

Бучвальдтың айтуынша, тыйым – тек декларативті сипатта, яғни оны бұзғаны үшін жаза қолданылмайды.

Дегенмен, Трамптың өз жеке блогында қолданушыларды шектеу еркін қорғаған АҚШ әділет департаментінің өкілдері бұл шешіммен келіспейтінін, «келесі қадамға дайындалып жатқанын» мәлімдеді.

Бір қызығы, Америка Президенті әлеуметтік желіде қолданушыларын өшіру тыйым салынған алғашқы саясаткер емес. Бұған дейін Мэриленд штатында төрт адам губернатор Ларри Хоганды «фейсбукте бұғаттағаны және пікірлерді өшіргені» үшін сотқа берген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз