Маңғыстау облысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифинг өңірде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына арналды.

Журналистермен жүздесуде кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева басқармада шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты мониторинг жүргізіліп отыратынын қаперге берді.

— Бүгінде облыста ресми жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 46 мың 648 бірлік. Бұл  көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 100,0% артық,-деді ол.-2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 109,8 миллион теңгеге 37 шағын несие беріп, 67 жаңа жұмыс орындары құрылды. 2016 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында өңірлік үйлестіру кеңесінің отырыстарында 7,7 миллиард теңгеге 179 жоба мақұлданды, олардың ішінде:

— сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың бірінші және екінші бағыттары бойынша 7,5 миллиард теңгеге 118 жоба;

— сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың үшінші бағыты «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту» бойынша  13,2 миллион АҚШ долларына 1  жоба;

— несиелер бойынша кепілдік мемлекеттік қолдауға 155,3 миллион теңгені құрайтын 53 жоба мақұлданды.

2016 жылы облыс бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3329 жұмыс орыны сақталды және 465 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде кемінде 10% жұмыспен қамту орталығынан жұмысқа орналастырылатын болады. Сондай-ақ, 2016 жылы Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің 9 кездесуі өткізіліп, 73 нормативтік құқықтық актілердің жобалары талқыланды. Былтыр аймақтарда шағын және орта бизнес белсенділігін арттыру мақсатында:

ауыл кәсіпкерлеріне несие беру үшін Атамекен «Микроқаржы ұйымы» ЖШС (Кәсіпкерлер палатасы 300,0 миллион. теңге-51%, Маңғыстау облысының әкімдігі 288,3 миллион тенге- 49%) құрылды;

2016 жылы «Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС тарапынан 486,8 миллион теңгеге 55 шағын несиелер беріліп, 150 жаңа жұмыс орны құрылды;

— «Маңғыстау» кәсіпкерлер сервис орталығы» ЖШС құрылды (51% өңірлік кәсіпкерлер палатасының және 49%-Маңғыстау облысы әкімдігінің қатысуы). Бұл— «Атамекен» ҰКП және облыс әкімдігінің Қазақстан Республикасығы пилоттық жобасы. Орталық кәсіпкерлерге кеңес және тәжірибе қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ инвесторларды тарту және қызмет көрсетуге назар аударады;

— Облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының 7 орталығы  қызмет көрсетеді;

2016 жылдың барысында ХҚКО және өңірлік кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында 1889  қызмет түрі көрсетілді, оның ішінде 1582 клиентке қызмет көрсетілді. ХҚКО консультанттары 92 жобаның  аяқталуына дейін қолдау жүргізілді;

— «Даму» АҚ РФ жанында Ақтау қаласында «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» және Жаңаөзен қаласында «Кәсіпкерлікті дамыту орталығы» жұмыс істеп тұр;

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары арасында Ақтау қаласында қызмет көрсету орталығында 5000 қызмет түрі көрсетілсе, оның ішінде 3492-і—клиенттерге қызмет көрсету;

— 2016 жылы «Даму» АҚ жанында мобильдік орталық 51 ауылдық мекендерде 1499 қызмет түрін көрсетті.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының директоры  Берік Нұрғалиев шағын және моноқалалардағы, сондай-ақ ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге қаржылық ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы мақсаттарының бірі болып табылатындығын атап айтты. Сондықтан аудандардағы кәсіпкерлерге қаржылай қолдау салалық шектеулерсіз көрсетіледі.

— Кәсіпкерлердің борыштық жүктемесін жеңілдету үшін мемлекет бірыңғай бағдарлама аясында кәсіпкерлердің несиелерін және қаржылық лизинг шарттарының пайыздық мөлшерлемесін ішінара өтейді. Бағдарламаның қолданыстағы шарттары бойынша 19 пайыздан аспайтын несиелер субсидиялауға жатады. Облыс орталығынан тыс жерлерде, сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіп саласында іске асырылып жатқан жобаларды мемлекет  сыйақы мөлшерлемесінің 10 пайызын субсидиялауда, ал қалған 9 пайызын кәсіпкердің өзі өтейді. Бірыңғай бағдарлама шеңберінде бекітілген экономиканың басым секторлары және осы секторларда жобаларын іске асырып жатқан кәсіпкерлер несиелерінің 7 пайызы субсидиялауға жатады, ал қалған айырмашылығын кәсіпкер өтейді,-деді Берік Райсұлы.-  2010 жылдан бері, бірыңғай бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы, аталған құрал бойынша Маңғыстау облысында несиенің жалпы сомасы 62 миллиард теңге құрайтын 344 жоба қолдау тапты. Соның ішінде жыл басынан 2017 жылғы 1-мамырға дейін 6,2 миллиард теңге құрайтын 38 жобаны субсидиялау шартына қол қойылды.

Әр кәсіпкер банктен несие алу барысында кепілдікпен қамтамасыз ету қажеттілігіне тап болады. Егер кәсіпкердің мүлкі несие сомасын жабуға жеткіліксіз болса, бірыңғай бағдарлама аясында «Даму» қорынан ішінара кепілдік алу мүмкіндігі бар. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін жедел кепілдіктер несие сомасының 50 пайызына дейін қолданылады және несиенің сомасы 360 миллион теңгеден аспауы тиіс. Ісін жаңа бастаған жас жеке кәсіпкер үшін 20 миллион теңгеден аспайтын несие бойынша 85 пайызға дейін кепілдік алуға мүмкіндігі бар.

Бірыңғай бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан Маңғыстау облысында «Даму» қорының кепілдігімен 5 миллиард теңгеге 128 жоба несие алды, соның ішінде кепілдік сомасы 1 982 миллион теңге. Ағымдағы жылдың 4 айында 453 миллион теңгеге 17 жобаға кепілдік берілді. Берілген кепілдік көлемі 132 миллион теңгені құрады. 2017 жылдан нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарласы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты—халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

«Даму» қоры «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты  аясында операторы болып табылады, екінші деңгейлі банктерді қорландыру және шағын қаржы ұйымдарын әрі қарай бағдарлама қатысушыларының жобаларын қаржыландыруды жүзеге асырады, сондай-ақ шағын несие бойынша кепілдіктер береді. Бағдарламаға қатысушылар–жұмыссыздар, халықты жұмыспен қамту орталықтарындағы тіркеуіне қарамастан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың мүшелері. Осы бағдарламаға қатысудың шарттары мен міндеттері бар. Атап айтқанда, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің кәсіпкерлік негіздері курсынан өткенін растайтын сертификаты болуы және салық органдарында ЖК (ШҚ) ретінде тіркелуі тиіс. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер жұмыс орындарын кем дегенде несиелеу мерзімінің аяғына дейін сақтай отырып  құруы тиіс.

Шағын несие беру шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесі соңғы қарыз алушылар үшін жылдық 6 пайызыды құрайды;

Несиенің ең жоғары сомасы—8 000АЕК 1 қарыз алушыға (18 152 000 теңге);

Несиелер берілу мақсаттары–инвестицияларға, айналым қаражатын толықтыруға, бұл ретте сауда-саттық саласында іске асырылып жатқан немесе іске асырылатын жобалар бойынша шағын несие беру айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына жатпайды. Салалық шектеулер мен комиссия жоқ.

Шағын несиелерге кепілдік беру шарттары негізінде кепілдік бағдарламаға қатысушылар үшін өтеусіз негізде ұсынылады. Кепілдіктер мөлшері ісін енді бастаған кәсіпкер үшін шағын несие сомасының 85%  артық емес, ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін шағын несие сомасының 50%  артық емес.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Мұрат Баймағамбетовтың айтуынша, өткен жылы филиал «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» және «Эко-даму» бағдарламалары аясында 256 жоба қаржыландырылып, барлығы 765,9 миллион теңге шағын несие берілген  және осы жобалар бойынша 413 жұмыс орыны ашылған. Бұл несиелердің 75% ауыл шаруашылығы саласына берілді.

Үстіміздегі жылы«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламалары аясында өткен жылдан қалған қаражат есебінен және «Қолдау» бағдарламасы бойынша 17 жобаға 47,6 несие берілген.

Қор «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында сенім білдірілген өкіл ретінде де қызмет атқарады. 2016 жылы бағдарлама бойынша 249 жас маманға тұрғын үй сатып алу және тұрғын үй құрылысын салу үшін 777,5 миллион теңге берілген. Ал биыл осы бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алу және тұрғын үй құрылысын салу мақсатына жылдық 0,01 пайызымен 78 жас маманға 15 жылға 262,7 миллион теңге беріліп отыр.

  Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

АлдыңғыАрдагер есепшілерге сый-құрмет көрсетілді
КелесіШетпеде күн стансасы салынады
Валентина Қозыбақова
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, халықаралық телестудия мектебін бітірген. Түрікменстанда қазақ тілінде шығып тұрған «Жұмысшы» газетінде тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, Маңғыстау облыстық телеарнасында радио-тележурналист, республикалық «Қазақстан Заман» газетінің Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Маңғыстау облыстық «Маңғыстау» газетінің тілшісі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз