Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Алдашева Гүлжазира Тасеменқызы тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Гүлжазира Тасеменқызы 1965 жылы Түрікменстан Республикасы, Балкан облысында туған. Білімі — жоғары.

1983 жылы С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Жаңаөзен қаласында өзі оқыған №4 мектепте аға пионер жетекшісі қызметінен бастады.

1987 — 1990 жылдары қалалық комсомол комитетінен жіберілген Жаңаөзен медицина училищесінің комсомол комитетінің хатшысы болды.      

1990 — 2000 жылдар аралығында облыстық медицина колледжі атанған осы оқу орнында қоғамдық пәндер оқытушысы, бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

2000 — 2002 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Жаңаөзен филиалы директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2002 — 2004 жылдар аралығында «Жаңаөзен қалалық жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры болды.         

2004 – 2009 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік инфрақұрылым бөлімінің бастығы, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2009 – 2013 жылдары «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болды.

2013 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.