Akorda Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Жарлық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                Қ.Тоқаев

Ақорда,  2019  жылғы 23 наурыз №  6