Сержан Шәкірат

Жақында дәулескер күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Сержан Шәкірат Атырау облысының әкімі Н. Ноғаевтың арнайы шақыртуымен Атырау қаласына барып, концерт қойып қайтты.

Қазақтың көп ойналмай жүрген аңыз, айтыс күй­лерін, ұлттың белгілі сазгерлерінің шығармаларын жә­не Маңғыстау күйлерінің әуен­дерін орындап, Атырау жұртшылығын тәнті етті. Арасында әзілдерімен де залды жарып отыр­ды. Өзі ертіп кеткен жас талант иелері – әнші­-термешілер Сәбит Шектібаев пен Айнұр Омарова да концерттің көркі болды.

Ұлттық рухани жаңғыру ора­йында өткен бұл концерт үлкен қо­шеметке ие болды.

Атырау әкімдігі, облыстық мәде­ниет, өнер қауымы Маңғыстау өнерпаздарына ризашылықпен қол соғып, сый-­құрмет көрсетті.

А. ЖАҢБЫРШЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз