газ

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК  және «SKYMAX TECHNOLOGIES» компаниялар тобымен бірлесіп облыстың бюджетті кұйымдарының автокөліктеріне арналған сығымдалған табиғи газ жабдығын орнату бойынша пилоттық жобаны әзірлеуді тапсырды. Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі күні табиғи газдың бұл түрі — қолданыстағы отын түрлері арасында ең үнемдісі болып отыр.

-Қазіргі кезде табиғи газдың тек екі түрі бар: сығымдалған табиғи газ (CNG) және сұйылтылған табиғи газ (LNG). Екі түрі де көлік отыны ретінде пайдаланылады, бірақ олар сақтау тәсілімен ерекшеленеді. Сығымдалған газ (СПГ) үнемді шешім болғандықтан, автокөліктерге, шағын автобустарға, қалалық және облыстық автобустар мен жүк автомобильдеріне бензин мен дизель отынының баламасы ретінде пайдаланылады, — дейді SKYMAX TECHNOLOGIES компаниясының бас директоры Ерік Шортанбаев.

Сарапшылардың айтуынша, CNG газы сыннан өткен сенімді  технология болып табылады және газдың бұл түріне ондаған жылдар болды. Бүгінде бүкіл әлем бойынша қауіпсіздігі сенімді мыңдаған CNG жанармай құю стансалары бар. Бензин мен дизельді отын стансаларынан айырмашылығы, CNG үлкен көлемдегі газды сақтауды қажет етпейді.

 — Сығымдалған газдың бір литрінің бағасы  бензин мен дизель отынының құнымен  салыстырғанда айтарлықтай жеңілдікке ие болады. Табиғи газ — автомобильдер үшін ең таза отын және дизель отыны мен бензинге қарағанда ластануды азайтуға үлкен үлес қосатындығын атап өткім келеді. Тиімді, үнемді және экологиялық таза отынмен қамтамасыз ету бойынша, бүкіл аймақты алға жылжытуға және өз елдерінде қолданатын ресурстарды пайдаланатын кәсіби инвесторларды тартуға көмектеседі, деп мәлімдеді «SKYMAX TECHNOLOGIES» компаниялар тобының бас директоры Ерік Шортанбаев.

Өңірлік коммуникациялар қызметі