Ресейдің Екатеринбург қаласында 9-21 қыркүйек күндері ХХ Әлем чемпионаты өтті. Байрақты додада еліміздің 8 спортшысы қатысқан жарыста 81 кг салмақтағы маңғыстаулық жалғыз спортшы Бекзад Нұрдәулетов чемпион атанды. Бекзад батыр бапкері Марат Жақиевтің үмітін ақтады.

Маңғыстау облысынан екі әлем чемпионы шыққан. Алғашқы әлем чемпионы 81 кг Ердос Жаңабергенов. Ол 2005жылы Қытайдың Мяньян қаласында чемпион атанса, одан кейін тағы да 81 кг салмақта Әділбек Ниязымбетов 2011 жылы Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медальға ие болды. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Берік Әбдірахманов қола медальға ие болды. Ал Әділбек Ниязымбетов тағы да күміс медальді қанағат қылды. Ол екі рет әлем чемпионаты және Рио олимпиадасында кубалық Хулио Сесар Ла Круздан жеңіліп қалды.

Маңғыстаулық Бекзад Нұрдәулетов - әлем чемпионы Арада үш жыл өткенде 21 жасар Бекзад Нұрдәулетов Екатеринбург қаласында кубалық Хулио Ла Крузбен жартылай финалда кездесіп, екінші раундта нокдаунтқа түсірді. Атақты боксшыдан қорықпай үш раундт бойы жекпежек өткізді. Есеп 4:1 есебімен Бекзадтың пайдасына шешілді.

Бір қызығы, 81 кг салмақта Әлем чемпионатына қатысқан Маңғыстау облысының боксшылары екі алтын, екі күміс медаль алыпты. Осы мақаланы жаза отырып 69 кг салмақ қазақтың салмағы болса, 81 кг салмақ Маңғыстаудың салмағы деген тұжырымға келді.

Осы жеңіске жол ашқан бокстан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Марат Жакиев және Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевқа да алғыс білдіреді!

Айбек МҰХАНОВ