kobelek көбелек

Кешелі бері Ақтауда көбелек көбейіп кетті. Шын мәнінде, көбелек жауған күн болды. Теңіз жағалауындағы ақмаржан қаланы әдемілікке бөлеген әсем көбелектер халыққа ерекше көңіл-күй сыйлауда.

kobelek көбелек

Табиғаттағы ең құпия жаратылыстарының бірі — көбелек. Тура бір суретші қолынан шыққандай әсем жәндіктердің ғұмыры қысқа болады. Олар бар болғаны бірнеше күн ғана өмір сүреді.

kobelek көбелек

Көбелектерді зерттейтін лепидоптеролог мамандар олардың жұмыртқадан басталып, шынжыртабан, қуыршақ және имаго (көбелек) атты төрт кезеңнен тұратынын айтады. Жұмыртқасы әртүрлі формада болады: шар тәрізді, дөңгелек, цилиндрлі және көпбұрышты бола береді.

Маңғыстауда, Үстіртте үлкен көзді барқыт көбелектер (Hyponephele naricina) жиі кездеседі. Олар Маңғыстау түбегін, Түркия, Иран мен Түрікменстанда көп кездеседі. Солтүстік, Ішкі, Шығыс Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауы мен Зайсанда да көбелектің осы түрін көруге болады.

kobelek көбелек

Көбелектер өсімдіктердің сөлімен, шырынымен қоректенеді. Гүлдердің тозаңдануына жәрдемдеседі.

Назарларыңызға mangystaumedia.kz сайтының фототілшісі түсірген көбелектердің макротүсірілімін (үлкейтілген көрінісін) ұсынамыз.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ,

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН