Филология ғылымдарының кандидаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мэлс Қосымбаев елбасыға арнау жолдады.

Белгілі айтыскер ақын Мэлс Қосымбаев арнауды өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында жариялады. Халық назарына ұсынылған шығарманы ақын домбырамен орындаған.

«Əуежай Ататүрік атындағы

Қанатты ұшақтардың қатысқаны.

Петербург қала дейді Петр салған

Атқандай ақ түндері батыстағы.

Қала болып қасқайып тұрған жоқ па

Ақсақал Вашингтон АҚШ-тағы?

Сарыарқаны малғандай сары алтынға

Нұрсұлтан Астананы нақыштады», — делінген жыр жолдарында.