aktau baige аламан бәйге

Бүгін Ақтау қаласының 55 жылдығына орай Сайын Шапағатов ауылының іргесіндегі ипподромда аламан ат бәйгесі өтті. Облыстың бас шаһарының мерейтойын атап өту үшін еліміздің батыс өңірінен  және Маңғыстаудың түкпір-түкпірінен сейіс, атбегілер өзінің 70-тен аса тай, тұлпарларын әбден жаратып әкелген екен.

Таңдаулы тұлпарлар қатысқан аламан бәйге 24 шақырымға созылды. Ал топ бәйгеге шапқан жылқылар 16 шақырымды еңсерді. Сонымен қатар атшабыс алаңына жиналған қалың халық 6 шақырымдық тай жарыс, қазақ күресі мен қыз қууға да куә болды.

Шарада сөз  алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жиналғанды Ақтау қаласының мерейтойымен құттықтап,  аламан бәйгенің қазақ халқы үші  орны ерекше екенін  атап өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша, бағы мен бабы келіскен бейнеулік Қобылан Таңатаровтың сәйгүлігі аламан бәйгеде 1 орынды алды. Жүйрік тұлпар осылайша өзінің иесіне бас жүлдеге тігілген Ниссан көлігін мінгізді. Екінші орынды Мұхтар Ақжігітовтің тұлпары иеленіп, оған мотоцикл тарту етілсе, үшінші болып мәре сызығын Жандай Мейірмановтың аты кесті.

Жарыс қорытындысы бойынша топ бәйгеде оза шапқан шабандозға «LADA» автокөлігінің табыс етілді.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ, 

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз