Бүгін үлкен мереке!

«Маңғыстау-Медиа» ұжымы байқау жеңімпаздарын қонақ қылды.

Айта кетсек, 7292info.kz сайты ұйымдастырған Тәуелсіздік күніне арналған байқауда ең көп ҚАРАЛЫМ және ең көп ПІКІР жинаған қатысушы жеңіске жету керек болатын. Байқау қорытындысын бұған дейін сайтымызда  жарияланды.

Жүлдегерлерді  арнайы алғыс хатпен «Маңғыстау – Медиа» ЖШС директоры Сағындық Рзахметов марапаттап, сыйлықтар үлестірді.

Атап айтсақ, ең көп қаралым жинаған (130 083 қаралым) Тұмарым Сұлтанға  ойыншықпен қоса, «Еркем-ай» балалар дүкенінен сертификат табысталды. Марапаттау рәсіміне  Бейнеу ауданы, Сарға селосынан  келген қонақтар да болды. Соның бірі ең көп пікір жинаған (407 пікір) Есенбаева Шұғыланың әжесі Ұштап апаға немересінің сыйлығы арнайы берілді.

— Шұғыла Ақтауға келе алмай қалып, Бейнеуден әжесі боп мен кеп тұрмын. Мұнда Шұғыланың туған ағасы да бар, бала-келінімді де ертіп әкелдім. Бүгін жұмада керемет сыйлық жасағандарыңызға рахмет! Өркендерің өссін. Еңбектеріңіз жана берсін! – деді Ұштап әже.

Бейнеулік Аңшыбай Нұрдәулет ауылдың шалғайлығынан келе алмады. Бейнежазбасына ең көп пікір жазылған (504 пікір) қатысушы ретінде Нұрдәулет  Алғыс хат және «Еркем-ай» балалар дүкенінің сертификатымен  марапатталды.  Сыйлықты міндетті түрде пошта арқылы салып жіберетін боламыз!

Сондай-ақ, сайысқа Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Аманқосова Назерке де қатысып, ең көп қаралым жинаған  (88 131 қаралым ) жүлдегер ретінде марапатталды.

Айта кетейік, барлығы 24 үміткер Тәуелсіздік туралы ән немесе өлең айтқан бейнежазбаларын сайтымызға жолдады. Оқырмандардан келген барлық бейнежазба сайтқа жарияланды.  Сайтта ең көп қаралым мен пікір жинаған 4 қатысушы жеңімпаз атанды.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз. Жеңістеріңіз құтты болсын!

Айгүл ДӘДЕН
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз