прокурор

Маңғыстау облысының прокуроры облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына ақша салуды үгіттеуші алаяқтардың әрекеттерінен сақ болуға шақырады

Азаматтық қоғамның дамуы және тұрғындардың экономикалық әл-ауқатының өсуімен қатар, азаматтардың есебінен алаяқтардың материалдық баюуының жаңа және жетілдірілген жүйелері мен әдістері де күш алуда.

Қаржы пирамидасы – эконимкада кең таралған көрністердің бірі. Азаматтар мен ғаламтор желілері арқылы түскен ақпараттарға жүргізілген талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда қаржы пирамидасы қағидасында әрекет етуші құрылымдардың таратылуының кезекті толқыны байқалады.

Нарықта осы құрылымдарды қаржыландыру арқылы жылдам және қомақты қаржы табу туралы көптеген ұсыныстар бар. Бірақ оны қалай дұрыс жасау керектігін барлығы бірдей біле бермейді. Оны алаяқтар өз мақсаттарына пайдалануда.

Әдеттегідей қаржы пирамидасында ұзақ мерзім ұстап тұру мүмкіндігі жоқ үлкен табыстарға уәде беріледі, ал пирамиданы ұйымдастырушыға қатысушылар алдындағы міндеттемелер орындалмайтыны алдын-ала белгілі болады.

Осыған орай, қаржы пирамидасының адал ұйымдардан үш негізгі айырмашылығын айқындап өткім келеді.

Біріншіден, олар апта сайын немесе ай сайын орасан зор пайдаға кенелтемін деген уәдемен адамдарды жаппай өздеріне тартады.

Екіншіден, олар шет елде тіркелген және әлдебір жобаны қаржыландыру үшін қаржы тарттырады. Шын мәнісінде бұндай жобаның барын тексере алмайсыз, болашақта түсетін табысты ойлап, кейіннен ол жобаға мүлдем қызығушылық танытпайсыз.

Үшіншіден, олар сіз жаңа клиенттер әкелсеңіз, қосымша  табыс төлейтіндерін уәде етіп үнемі ынталандырып отырады.

Осы белгілердің барлығы, Қазақстанда жарнамасы мен қызыметіне тыйым салынған қаржы пирамидасына тап болғаныңызды көрсетеді (ӘҚБ Кодексі 150-бап және ҚР ҚК 217-бап).

Маңғыстау облысының тұрғындарын, қаржы пирамидасының белгілері бар, күмәнді компанияларға қаржыларын орналастыруға өзіне тоқтам салу туралы ескертемін.

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, Маңғыстау облыстық ішкі істер Департаментіне немесе мемлекеттік кірістер Департаментінің экономикалық тергеу қызметіне жүгінуіңіз  қажет.

Облыс прокуроры
Д.Сартаев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз