Тараз қаласында дзюдодан ҚР-ның ІV жастар спорттық ойындары мәресіне жетті. Мықтылар бас қосқан бәсекеде жерлестеріміз, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуандары 66 келі салмақта Сұңғат Жұбатқан мен 63 келі салмақта Ақниет Тұрдан алтыннан алқа тақса, 60 келі салмақта Рамазан Мамаев күміске қол жеткізді. Жарысқа балуандарды  белгілі бапкерлер Талғат Есекенов пен Жомарт Қобланов дайындады.

Маңғыстаулық қос балуан жастар арасында чемпион атанды— Жалпы жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 250-ге жуық дзюдошы қатысты. Жарыс 19-21  мамыр аралығында Тараз төрінде өтті. Додаға 10 шәкіртімді апарған болатынмын. Оның ішінде үшеуі жүлделі орыннан көрінді,-дейді облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобланов.

Венера МИРЛАН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз