zauyt трансформаторлық зауыт

Ақтауда жылдық жобалық қуаты 6 млрд. теңге болатын трансформаторлық зауыт іске қосылды. 6-10-35 кВ кернеулік өнімдер шығаратын жоба Маңғыстау облысының Индустрияландыру картасына енгізілген Зауыт толық іске қосылғанда 150 жаңа жұмыс орны құрылмақ, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

«Зауыт жоғары технологиялық еуропалық жабдықтармен жабдықталған, бірақ қазақстандық үлес — 90 пайыз. Трансформаторлық қосалқы станцияның барлық жиынтығы Қазақстанда өндірілген. Зауыт жыл сайын 4 мың, күніне 20 трансформаторлық қосалқы станция шығара алады. Оның бір бөлігі Маңғыстау облысы мен таяу шетелдің нарығы үшін жеткілікті. Өнімнің 50 пайызы экспортқа — Түрікменстан, Әзірбайжан және Иранға жіберіледі», — деді зауыттың ашылу рәсіміне қатысқан Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Кәсіпорын жергілікті жоғары оқу орындарымен маман даярлау үшін даульді оқыту жүйесі туралы меморандумға қол қойылды.

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

zauyt трансформаторлық зауыт

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз