Айтжан Нұрбек
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

Маңғыстау облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметіне Айтжан Нұрбек Хамзаұлы тағайындалды.

Өңір әкімі Ералы Тоғжанов аппараттық жиында жаңа басшыны ресми таныстырды.

Нұрбек Айтжан 1980 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 2001-2003 жылдары «Кен-құрылыс Сервис» серіктестігінде, «Өзенмұнайгаз» АҚ-да слесарь-монтаждаушы, учаске шебері болып еңбек еткен.

2005-2006 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өндіріс басқармасында бас маман болған.

2006-2008 жылдары облыс әкімі аппаратында ұйымдастыру-бақылау бөлімінде бас маман, 2008-2009 жылдары облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасында бас маманның міндетін атқарушы болған.

2009 жылы аталған басқарманың инвестиция және нақты секторды дамыту бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.

2009-2010 жылдары бөлім басшысы, 2011-2012 жылы «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ атқарушы директордың көмекшісі, 2012-2013 жылдары облыс әкімі аппараты ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің басшысы болған.

2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз