ақылды таяқша

Маңғыстаулық бес студент зағип жандарға бағыт-бағдар беретін ақылды таяқшаны 72 сағаттың (3 күн) ішінде құрастырды. Алюминийден жасалған құрылғыда белгі беретін арнайы тетік қондырылған, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Кісінің алдындағы 400 метрге дейінгі жердегі кедергіні ультра дыбыс арқылы анықтайды. Ақылды таяқшаның алдыңғы бөлігіндегі блоктың ішінде ардуино құрылғысы бар, ол аталған белгі бергіш арқылы жұмыс жасайды. Сондай-ақ ардуино ішіндегі GPS модульмен қолданушының қай жерде жүргенін жақындарына бағдарлама арқылы картадан көрсетеді. Егер зағип жан келеңсіз жағдайға ұшыраса GPS картасындағы SOS тетігі арқылы туыстарына арнайы қондырылған телефон нөміріне қоңырау шалады.

«Қаржылай қол ұшын созатын демеушілер болса, құрылғының тетіктерін ауыстырып, мықтысын салғымыз келеді. Қолданушы таяқшасын ұмытып кеткен жағдайда, таяқшаның қайда екенін анықтайтын пульт ойластыру ойымызда бар», — дейді студент Имран Хусаинов.

Айта кетелік, студенттер ақылды таяқшаны 7 желтоқсан күні Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-да өткен мейкатон «TOM:Aktau» жобасында жасады. 3 күнге созылған жобаның соңғы кезеңіне еліміздің әр өңірінен келген 6 топ өтті. Жас өрендер мүмкіндігі шектеулілерге «нашар көретіндерге арналған түстерді анықтаушы», «Қолды дамытуға арналған активті-пассивті тренажер», «нашар көретіндерге арналған «Желкен» навигациялық жүйесін» құрастырды.

Ақтаулық студенттер көзі нашар көретіндер үшін ақылды таяқша ойлап тапты

Маңғыстаулық студенттердің ақылды таяқшасы Астанадағы «Стартап жобалар» көрмесінде көпшілікке таныстырылды.

Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз