kind heart Жомарт жүрек

Қазақстанда «Жомарт жүрек» сыйлығына дауыс беру жүріп жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып отырған жобаны Қоғамдық даму министрлігі тағайындап отыр, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 

Аталған сыйлық туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан меценаттарға,белсенді тұлғаларға, бизнес-құрылым өкілдеріне, еріктілер мен түрлі ұйымдарға табысталады.

Жеңімпаздар «Жыл меценаты», «Жылдың үздік ұйымы», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен еріктілік» аталымдары  бойынша марапатталады. Қатысушыға jomartjurek.kz сайтында дауыс беруге болады. Дауыс беру 12-25 қараша арасында өтеді. Марапаттау рәсімі 6 желтоқсанда Астана қаласында өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз