«Ралли Қазақстан-2017» жаңа ғана алғашқы этабын бастады. Барлық қатысушылар жарыс жолына аттанды. Старт — қаладан Форт-Шевченко бағытында 35-шақырымда. Бүгін автошабандоздар 337 шақырымды жүріп өтеді, оның 268 шақырымы тартысқа толы бәсеке кезеңі болмақ. Олар медициналық көмек, сақтандыру шараларымен толық қамтамасыз етілген. Алаңдауға еш негіз жоқ. Барлық қолдаушылар, жанкүйерлер, БАҚ өкілдері #финиште күтіп тұр.
-Бүгін жарыстың алғашқы қысқа этабы бастау алды. Келесі этаптар Кендірлі демалыс аймағынан бағыт алатын болады. Ал 25 мамыр күні қалаға қайта оралып, соңғы этапты Ақтауда өткіземіз. Яғни, старт-финиш Ақтауда болады. Ол «Ралли Қазақстан-2017» додасының ең қысқа этабы, — дейді мемлекеттік жаттықтырушы Нұрпейіс Қонысбаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз