Қазір біз Форт-Шевченко бағытында тұрмыз. Ауа райы қолайсыздығынан «Ралли Қазақстан — 2017»  алғашқы старты кешігіп жатыр, — деп хабарлайды 7292info.kz тілшісі. 

Барлық спортшылар сақадай-сай дайын тұр. Тек тұман сейілер емес.  Жарыс төрешісі, xранометражшы Дмитрий Падпорин тұманға байланысты СТАРТкешігеді дейді. Жоспар бойынша таңғы 9:00 қатысушылар жарыс жолына аттану керек еді. Күтудеміз. 

20-26 мамыр аралығында Маңғыстау өңірінде «Ралли Казақстан — 2017» Ралли рейд Әлем Кубогының V этабы өтеді. Әлемдік дода ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі және ҚР Автомотоспорт Федерациясының қолдауымен өткізіліп отыр.

Теңге БЕКМҰРЗА 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз