Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Каспий теңізін жағалай жатқан Ақтаудың қала күніне орай «Аққу қала, Гәкку ән» атты концерт өтті, —  деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Мерекелік шарада қала мәдениетінің дамуына «үн қосып» жүрген өнерпаздар махаббатқа толы әсем әннен шашу шашып, би биледі. Жергілікті арнаның «Сөз бен саз» бағдарламасының бұл концертін көрермен қауым ерекше ықыласпен қабыл алды.

Сонымен қатар қаланы әнге қосқан авторлар мен орындаушылар қала әкімі Ғалымжан Ниязовтың алғыс хатымен марапатталды.

Еске сала кетейік, биыл қаламызға 56 жыл толды.

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН