Сурет inform.kz алынған

Б.М.Сапарбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Осыған дейін Бердібек Сапарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді.

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын», — делінген Ақорданың хабарламасында.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                            Қ. Тоқаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 20 тамыз

№ 123