Сурет сайт архивінен

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжановтың қатысуымен өткен кезекті аппарат жиынында «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалысы, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, жалдамалы, несиелік пәтерлер және «7-20-25» бағдарламасы талқыланды. Осы сұрақтар төңірегінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Эльдар Машырықов кеңінен баяндап өтті.

«2019 жылдың алғашқы 2 айының қорытынды­сы бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 282 мың шаршы метр тұрғын үй қолданыс­қа берілді. Бұл 2018 жылдың осын­дай кезеңімен салыстырғанда он пайызға көп. «Нұрлы жер» бағдар­ламасы бойынша да 2019 жылы республикалық бюджеттен 6 млрд. 798 млн. теңге бөлінді. Жалдама­лы тұрғын үйлерге келетін болсақ, оның құрылысына осы жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. 523 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы алдағы уақытта 17,122 мың шар­шы метрді құрайтын 304 пәтерге арналған тұрғын үйлер құрылысын салуға жұмсалмақ. Осы жылдың соңында облысымызда 160 пәтерге арналған жалдамалы тұрғын үйлер құрылысы аяқталады деп күтілуде. Олар: Қарақия ауданы, Құрық се­лосында төрт тұрғын үй, жалпы ауданы 5,135 мың шаршы метрді құрайтын 96 пәтер. Нысан 2019 жылы аяқталады. Одан соң Форт­-Шевченко қаласында 48 және 16 пәтерге арналған тұрғын үй. Екеуі де осы жылы пайдалануға беріле­ді. Сондай­-ақ Ақтау қаласында 19а шағын ауданда 144 пәтерге арнал­ ған тұрғын үй. Бұл жұмыс 2020 жы­лы да жалғасын табады. Сонымен қатар осы бюджеттің нақтылауын­ да қосымша 1 млрд. 800 млн. тең­геге 292 пәтерді құрайтын 5 нысан құрылысы қосымша ұсынылды. Олар: Форт-­Шевченко қаласында жалпы ауданы 3,9 мың шаршы метрлі 72 пәтерге  арналған және 16 пәтерге арналған тұрғын үй. Жетібай селосында – 192, Құрық селосында 2 пәтерлі 6 тұрғын үй құрылысы. Тағы бір айта кетер­лігі, республикалық бюджеттен несиелі тұрғын үй құрылысына Ақтау қаласының 19а шағын ауданында 432 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысының жобасы ұсынылды. Алайда аты аталған нысанның қымбат болуына байланысты және жергілікті бюджетке ауыртпалықты төмендету мақсатында бұл жер учаскесіне басқа тұрғын үйді жоба­лап, құрылысын салу жоспарланып отыр. Бұл пәтерлер кезекте тұрған­дарға, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына, соны­мен қатар «7-­20-­25» бағдарлама­сы бойынша халық арасында іске асырылатын болады», – деді Э.Ма­шырықов.

Өңірде жалдамалы пәтерлер салынбақ

Айта кету керек, 2019 жыл­ға инженерлік­-коммуни­кациялық инфрақұры­лым нысандарының құрылысына 2 млрд. 275 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржы өткен жылы басталған 18, 18а, 19а шағын аудандарының инженерлік­-коммуникациялық ин­фрақұрылым құрылысын аяқтауға жұмсалмақ. Сонымен қатар «7­-20­-25» бағдарламасы бойынша бүгінгі күні облыс бойынша 309 өтінім мақұлданған. Тағы бір айта кетер­лігі, Ақтау қаласының аумағында 36 жер учаскесінде шамамен 6 мың пәтерге арналған коммерциялық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, олардың басым бөлігі «7­-20­-25» бағдарламасы бойынша халыққа берілмек. Сондай­-ақ бюджет сала­сындағы қызметкерлерге, жастарға пәтер алу бойынша да біршама жеңілдіктер қарастырылуда.

«Орталық мемлекеттік органдар барлық өңірлердің бірыңғай тәсілді қолдануы үшін тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жолы­мен бастапқы жарнаны төмендету бөлігінде жұмыс жүргізуде. Яғни заңға тұрғын үй сертификаттары ұғымы енгізіледі. Біз өз тарапы­мыздан бюджеттік несие беруді қарастырудамыз. Заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін бастапқы ке­зеңде бұл мақсаттарға бюджеттік нақтылауда 100,0 млн.теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Бұл мұғалімдер, дәрігерлер, құқық қорғау орган­дарының қызметкерлеріне жұмса­лады деп күтілуде және ағымдағы жыл «Жастар жылы» болуына орай, қосымша жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін алғаш­қы жарнаны төмендетуге қосымша 100,0 млн. теңге бөлу мүмкіндігін қарауыңызды сұраймыз», – деді Э.Машырықов.

Аппарт жиынынан соң облыс басшысы Е.Тоғжанов Атырау об­лысының әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған «ҚазМұнайГаз» ҰК» төр­ағасының бірінші орынбасары Жа­қып Марабаевты және «NCOC» компаниясының өкілдерін қабыл­дады. Іскерлік кездесуде қос тарап өңірлерге арналған әлеуметтік-­ин­фрақұрылым жобасы аясында ат­қарылар ауқымды жұмыстарды пысықтады. Алғашқы сөз кезегін алған Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев өз өңірінде бұл жобаның жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын тілге тиек етті.

«Жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың әлеуметтік-­ин­фрақұрылымды дамытуға бағыт­талған жобасы аясында су, газ құ­бырлары жүйелі түрде салынып, халықтың игілігіне беріліп жатыр. Атап айтар болсақ, жақын арада Атырау облысының әр аудандарын­ да салынып жатқан мектептер, мәдениет үйлері, спорт нысанда­ры, яғни халықтың әл-­ауқатын арттыруға, тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған барлық ны­сандар бой көтеріп жатыр. Біз өз тарапымыздан құрылтайшы ком­панияларға алғысымызды айта­мыз», – деді ол.

Одан соң сөз кезегін алған «ENI» компаниясының менеджері Лука Виният­ти аты аталған жоба аясында қа­растырылған қаражат көзін айтып өтті.

«Маңғыстау, Атырау өңірінде жүзеге асырылып жатқан әлеу­меттік­-инфрақұрылым жобасын назарға ала отырып, біздер бұдан әрмен де бұл жобаларды жүзеге асыруды өте маңызды деп санай­мыз. Осы жобаға қарастырылған қаражат көзін көбейтсек деген жақсы ниетіміз бар. Осы жерде ресми айтып өтсем, әлеуметтік­-инфрақұрылым жобасы аясында Атырау және Маңғыстау облы­сына 3 жыл ішінде, әр жыл сайын 50 миллион доллар жобасында қаражат бөлуді ұйғардық. Сіздерге тағы бір айтатынымыз, біздің көргіміз келетіні, осы жоба аясын­да білім беру саласына көп көңіл бөлінсе деген ойымыз бар. Біздер алдағы уақытта да осы айтылған жобалар шеңберінде бірнеше ұсы­ныстар ұсынатын боламыз. Со­ларды мақұлдау барысында сіз­дердің тараптарыңыздан қолдау керек», – деді Л.Виниятти.

Осылайша белгілі ірі мұнай ком­панияларының арқасында көр­шілес қос өңірдің бірқатар әлеу­меттік мәселелері шешімін табатын болды.

Айгүл ОРЫНБАЕВА,
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ