Тоғжанов

Облыс орталығында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына орай Батыс аймақтық құрылымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті. Спорттық додаға ел тыныштығының қорғаны бола білген комитет өкілдері қатысты. Олар спорттың волейбол, суда жүзу, тапаншадан оқ ату, шағын футбол, қоян-қолтық ұрыс түрлері бойынша сынға түсті. Үш күнге жалғасқан бәсекенің қорытындысында жалпы командалық есепте ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің командасы топ жарып, І-орынды қанжығалады. Екінші орын Маңғыстау облысына бұйырса, үшінші орынға Атырау облысы жайғасты. Жеңімпаздарды облыс әкімі Ералы Тоғжанов марапаттады.

— Елбасы Н.Ә.Назарбаев жуырда жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында болашағын ойлаған елдің рухы мықты, әр уақытта туы желбіреп тұратындығын айрықша атап өтті. Бүгін Сіздердің Батыс аймағы қауіпсіздік комитеті бойынша өткізіп жатқан шара осындай үлкен рухпен тікелей байланысты деп ойлаймын. Алда тәуелсіз елдің қорғаны ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойы келе жатыр. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Ел шебіне бекем, мерейлеріңіз үстем болсын,-деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

Жалпы жарысқа әр командадан 35 адам қатысты. Үздік шыққан Ақтөбе командасы 5-7 шілде аралығында республикалық деңгейде өтетін жарыста бақтарын сынайтын болады.

— Батыс аймақтық спартакиадасында жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленгенімізге өте қуаныштымыз. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлық командалар да мықты дайындықпен келген. Мен қоян-қолтық ұрыстан 80 келі салмақта бағымды сынап, бірінші орынға ие болдым. 2014 жылы Орал қаласында өткен жарыста да бірінші орыннан көрінген болатынмын. Енді мықты дайындықты қолға алып, республикалық жарыста да жүлделі орыннан көрінеміз деп сенемін,-дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің капитаны Талғат Есенғалиев.

Тапаншадан оқ атудан әйелдер арасындағы сайыста екінші орын маңғыстаулық Дәмет Егдірбаеваға бұйырды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 15 жылдан бері еңбек ететін ол бұған дейін суда жүзуден үшінші орынды еншілеген.

— Жарыста жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Тапаншадан оқ атудан талап бойынша 12 секундтің ішінде нысанаға дөп тигізуім керек болатын. Қарсыласым Лейла менен басым түсіп бірінші орынды еншіледі. Тапаншадан оқ атудан өткен сайысқа алғаш рет қатысып отырмын,-дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің майоры Дәмет Егдірбаева.

Венера МИРЛАН
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО) Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО) Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО) Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО) Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО) Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО) Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО)Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО) Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО) Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО) Батыс аймақтық спартакиадасының кубогына Ақтөбе облысы ие болды (ФОТО)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз