Жақында өрттің алдын-алу және сөндіру шараларына тұрғындарды дағдыландыру мақсатында Мұнайлы ауданының №5 Өрт сөндіру бөлімі аумағында Мұнайлы ауданы және Ақтау қаласына қарасты ерікті өрт сөндіруші құрылымдарының арасында сайыс өтті.

Оқу-жаттығу жұмыстарына ауданға қарасты ауыл, ауылдық округтерден 7 команда, Ақтау қаласынан бір ерікті өрт сөндірушілер командасы қатысты. Сайыс өткізу барысында өрт сөндіру мотопомпалары және Мұнайлы ауданының №5 Өрт сөндіру бөлімінің Камаз АЦ-40, Урал АЦ-40 өрт сөндіргіш автокөліктері мен жеке құрамы жұмыла жұмыс жасады.

Үш кезеңнен тұрған сайыста командалар үшін әрбір секунд маңызды болды. Себебі, берілген тапсырманы әрбір секундты ұтымды пайдалана орындау аркомандаға жеңіс әкеліп отырды. Бірінші кезеңде жауынгерлік жарғының 4 нормативі сәйкес дабыл берілгенде киініп, көлікке отырып сыртқа шықты. Екінші 51-түтікқұбыр 77-түтікқұбырына жалғап жанып тұрған өртті уақытқа сөндірсе, үшінші кезеңде шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-ші қабатына көтерілді. Бұқара халықтан құралған командалар өрт шалған сәтті ескере отырып, үлкен жылдамдықпен құтқару жұмысын жүргізді. Нәтижесінде Басқұдық ауылынан шыққан ерікті өрт сөндірушілер командасы І орынды жеңіп алды. Ал, Атамекен ауылынан келген командасы ІІ орынды иеленсе, Қызылтөбе ауылы ІІ орынды қанағат тұтты. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл жарыста жеңімпаз атанған командаларға дипломдар табысталды.

Гүлнар Бекқали

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз