15-16 мамыр күндері №11 орта мектепте 2004-2005 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында волейболдан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатына облыстық іріктеу жарысы өтті.

Жарысқа Ақтау қаласынан, Маңғыстау ауданынан және Мұнайлы ауданынан командалар қатысып, 50-ден аса ойыншы бақ сынады. Ж.Қалдыбаев төрелік еткен жарыстың нәтижесінде Мұнайлы ауданы 1 орынды жеңіп алды. Ал Маңғыстау ауданы 2 орынды иеленсе, Ақтау қаласы 3 орынды қанағат тұтты.

Сайыс соңындаМұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы командаларға алғыс білдіріп, дипломдары мен медальдарын табыстады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз