Димаш Құдайберген

Қытайдағы жетістігіне дейін Димаш Құдайберген жайлы көп естімегенмін. Талғамға талас жоқ қой. Селин Дион мен Лара Фабианның даусы ғана керемет деп ойлайтынмын. Бірақ ара-тұра концерттерде ән айтқан кезінде даусының мүмкіндігі таңғалдыратын. Алайда зор дауыстының барлығы бірдей атақты я сүйікті емес. Тенор альтино немесе контртенор деп аталатын дауыс иелері аз, бірақ сол аздығына қарамастан, солардың барлығы бірдей атақты емес. Неге? Себебі бұл классикалық музыкада ғана жоғары бағаланады. Ал өздеріңіз білетіндей, бізде классикаға қызығатындар көп емес. Димаш Ақтөбе музыкалық училищесін классик ретінде оқып шыққан өнерпаз. Көпшіліктің қалауындағы әншілердің басым бөлігі (тіпті 95 пайызы) айтып жүрген әннің мағынасы да, орындалуы да жеңіл. Шын өнер әрқашан азшылықтың нысаны. Ал Димаш Құдайберген қалайша атақты болды? Бұған бірнеше себеп айтып көрейін.

dimash-final
Бірінші себеп — әншінің шетелде өнер көрсетуі.

[quote arrow=»yes»] Біздің заманды әлеуметтік желілерсіз елестету қиын. Ал қазіргі уақытта Қазнетте, оның ішінде қазақ тіліндегі халық арасында ұлттық-патриоттық тенденция қызып тұр. Қытайлық жобаға дейін Қазақстанда қандай тақырып қызып тұр еді? Есіңізде ме? Иә, жер кодексіне өзгертулер енгізу ұсынылып, кейін оның орындалуына мораторий жарияланған еді. Сол уақытта біздің елде «жер қытайға беріледі» деген уайым болғаны жасырын емес. Осыдан кейін әншінің біздің ел естіп көрмеген шоуға қатысатыны жайлы ақпарат тараған кезде де бұл жағдайға я сенімсіздік, я қызықтамау байқалды. Осыған дейін де әншілеріміз шетелдерге барып, кемі лауреат атанып жүрді. Тіпті Димаш Құдайбергеннің өзі Витебск қаласында өткен «Славян базарында» жұртты аузына қаратқанын қазіргідей қатты шулап айтпадық. Неге айтпадық екен? Себебі бар еді ғой, бүкіл Еуропа таңданып, айтарлықтай әйгілеген. Мұнда, меніңше, негізсіз «жау» деп танып алған қытай еліне осылайша «мәдени сес» көрсеткенімізге көпшілігіміз эгомызды әуелей көтеріп алдық. Мақтануға келгенде де қара жаяу емеспіз ғой, солай ма?[/quote]

Екінші себеп – классик әншінің попсаны оңай әрі оған әр бере отырып айта алуы.

[quote arrow=»yes»]Білесіздер ме, классик әншілердің көбі жеңіл әндерді оңай айта алады. Николай Басков ше? Кезінде орыстың ұлттық рухы (негізінде эгосы) көтерілуі үшін автомат түрде Ресейдің басты әншісі атанып кетті. Атағы жер жарып тұрғанында оны елі «нағыз орыс» деп танады, мақтанды. Бірақ осы Басков опера әншісі, яғни классик. Байқайсыз ба, кез келген дүниені екінші бір дүниемен араластырып көрсең, жақсы синтез шығады, бірақ ол қызығы кеткенше жақсы, қызығы кеткен соң, оның екінші сұрыптағы әлденеге айналғанын біреу айтпай-ақ түсінуге болады. Сөйтіп, эстрада жанрындағы жеңіл әндерді опера стилінде айтып жүрген Басковымыз сондай бірдеңе болды да қалды. Кейін тіпті шоуменге айналды. Жоқ, мен Димашты бұл орысқа теңеп тұрған жоқпын, бірақ классик әншінің попсаны орындауы белгілі бір сәтке ғана қызық көрінетіндей. Өз басым Димаштың орындауындағы ойнақы, жеңіл әндерді қабылдай алмадым, күні кешегі Майк Джексонның әндерін орындауы талғамыма жақын емес.[/quote]

Үшінші себеп – әншінің сымбаты.

[quote arrow=»yes»]Мұны түсіндірудің қажеті жоқ, меніңше, қытай қыздары да, өзіміздің жұрт та Димаштың кереметтей имиджіне тәнті болды. Солтұстығындағы жапонның анимесі мен оңтұстығындағы корейдің k-popындағы идеалдарды пір тұтқан қытай жастары қазақ әншіні көріп, аңырады да қалды.[/quote]

Төртінші себеп – даусы

[quote arrow=»yes»]Әрине, бұл факторды бірінші орынға қоюға болар еді. Бірақ, өкінішке қарай, біздің жұрттың басым бөлігі оны даусы үшін таныған жоқ.[/quote]

83cdcec08fbf90370fcf53bdd56604ff-1

Қанша жерден мақтасақ та жарасатын әнші екеніне дау жоқ, бірақ халқы 1,5 миллиардқа жуықтаған Қытайда екінші орын алғаны үшін көңілді түсіріп, «Қытай өз әншісіне берді» я «Қытайлар қулық жасады» деудің орнына, біздің көреген жұрт Димашқа осындай мүмкіндік беріп, «елің басқа, ұлтың басқа» демей, бағын ашып берген аспанасты еліне алғысын айтса керек еді. Әйтпесе, дәл осы даусымен, дәл осы келбетімен елімізде жүргенде елемедік те ғой. Қытай мәдениетінің қалай дамып кеткенін, әншілерінің өте салқынқанды, мәдениетті екенін аңғардық па? Ән айтылғанда көздерін жұмып тұрып, ұйып тыңдауынан-ақ әннің қасиетін ұғатын халық екенін білсек керек еді. Жоқ. Біз Сэнди Лэмның 80-жылдардан бері еңбек сіңіргенін, даусының қандай керемет екенін ұққымыз келмейді. Айналайын-ау, мысалы біз қандай керемет жас әнші болса да, оны Роза Рымбаевадан жоғары қоймаймыз ғой. Сондықтан, Димаш Құдайбергеннің 2-орын алғаны өте жоғары мәртебе. Бұдан не түйсек екен? Абайдың «Орыстың ғылымы, өнері — дүниенің кілті» дегенін бүгінде «Қытайдың ғылымы, өнері – дүниенің кілті» деп өзгертіп түйсек, ұтарымыз көп болатын сияқты. Өнерге ұлтты, национализмді, шовинизмді, ақыры аяғында саясатты қоса бермегеніміз дұрыс секілді ғой осы.

Ардақ ҚҰЛТАЙ, «Фейсбук» парақшасынан