Сурет Ақтау қалалық әкімдігі парақшасынан алынды

21 қараша күні Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов қоғамдық қабылдау өткізеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні аясында өтетін шараға Ақтау қаласы әкімі Ғ.Ниязов және бөлім басшылары қатысады. Қабылдау бейсенбі күні сағат 9:00 — 18:30 аралығында «Абай» мәдени-демалыс кешінінің 2-қабатында өтеді.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА