дабыл

2019 жылғы ақпанның 26 күні сағат 10:00 бастап Ақтау қаласының жоғарғы және төменгі аймақтарында электр дабылдары іске қосылады. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың сабыр сақтауын сұрайды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, электр дабылдары «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық жаттығуы кезінде қосылады.

Жаттығу 2019 жылғы 26-27 ақпан күндері «2019 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жою іс-қимылдарына азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында өтеді.

«Көктем-2019» Қазақстан Республикасының ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшылығымен ұйымдастырылмақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз