Кенжалиев Бисенғали

Түпқараған ауданының әкімі А.Хамиевтың өкімімен Кенжалиев Бисенғали Аманғалиұлы Түпқараған ауданы әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

Кенжалиев Бисенғали Аманғалиұлы — Маңғыстау облысында 1983 жылы дүниеге келген.

2005 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің инженер мамандығы бойынша жоғарғы білімді аяқтап, қосымша сол университеттің менеджмент магистрі атағын алған.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: 2019 жылы Ақтау мектептеріндегі оқушы саны 43 мыңға жуықтайды

2005 жылы еңбек жолын «Жасыл ел» жастар жасағы Маңғыстау облысы штабының ұйымдастыру сұрақтары бойынша менеджер, 2007 жылы «Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маман, 2008 жылдан 2012 жылға дейін «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалында бөлім меңгеруші, кеңесші 2012 жылдан 2018 жыл аралығында «Ақтау қалалық ішкі саясат» бөлімінің бөлім басшысы, 2018 жылдың қаңтар айынан қыркүйек айына дейін «Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Түпқараған ауданының әкімдігі