Тәуелсіздік байқау

Естеріңізде болса, сайтымызда «16 желтоқсан — ҚР Тәуелсіздігі » күніне орай байқау ұйымдастырған болатынбыз.

Байқау шарты бойынша, қатысушылар Тәуелсіздік тақырыбында әдемі өлең оқығанын немесе жанды дауыста ән айтқанын видеоға түсіріп?, бізге? жолдауы керек еді.

Барлығы 24 үміткер өз бейнежазбаларын жолдады. Оқырмандардан келген барлық бейнежазба сайтқа жарияланды. Сайтта ең көп қаралым мен пікір жинаған қатысушы жеңімпаз атанады дегенбіз.

Сайыс қорытындысында ең көп қаралым жинағандар:

  1. Сұлтан Тұмарым – 130 083 қаралым
  2. Аманқосова Назерке – 88 131 қаралым

Ең көп пікір жинағандар:

  1. Аңшыбай Нұрдәулет – 504 пікір
  2. Есенбаева Шұғыла — 475 пікір 

Аталған 4 жеңімпазды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!
Сыйлықтарыңыз дайын, мерекелік күндерден соң арнайы шақырып, салтанатты түрде табыстайтын боламыз.

Байқауға белсене қатысқан барлық үміткерге алғысымызды білдіреміз ?!

Әрқашан 7292info.kz сайтымен бірге болыңыз!

2 ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз