Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы жұртшылығы ҚР ардагерлер ұйымының орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары,  тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті. Жиынға Түпқараған ауданы әкімі Темірбек Асауов пен Маңғыстау облысы ардагерлер кеңесі төрағасы Серікбай Төлетов қатысты. Әңгіме ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы жайында өрбіді.

— Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаланың астарында үлкен мән бар.  Бұл – қара орман қазақтың басын біріктіретін, рухани маңызды мәселелерді бір арнаға тоғыстыратын маңызды құжат.  Біз көптен күткен құнды ереже. Биыл ұлттық санамызды оятатын ірі оқиғалар орын алады, — деп бастады сөзін Өмірзақ Озғанбаев.

Ардагер ақсақалдың айтуынша, мектептердегі тәрбие жұмысы, оқу жүйесіндегі білім саласы  үлкен өзгерістердің алдында тұр. Жоғары мектептерде кредиттік жүйені енгізу, орта мектептерде 12 жылдықты енгізу, жалпы білімнің жаңа мазмұнына өту – бұлардың бәрі ірі-ірі өзгерістер қатарына жатады. 

– Тіл институты латын әліпбиіне көшу мақсатында қазақтың төл әріптерін қоса отырып, жаңа әліпби шығаруға жұмыстанып жатыр. Қазір компьютерлік техниканың бәрінде латын әріптерін қолданады, түркі тілдес халықтарының 80 пайызы латын әліпбиін қабылдаған. Осылардың бәрін ескере отырып, біз латын әліпбиіне көшуге бет бұрып отырмыз, — дейді Ө.Озғанбаев. 

       Жастар белгілі академик Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті  (ФОТО)     Өмірзақ Озғанбаев орыс тілдің орыс тілді азаматтардың көбі дерлік бұл шешімге қарсы екендігін айтады. Қолдамайтындар қатары латынға көшу арқылы Ресейден, кирил қарпінен алшақтап кетеміз, қазақтың кирил қарпінде жарық көрген 1000-ға жуық романын оқи алмай қаламыз  деген пікірде екен.

Біз белгілі дәрежеде нарықтың қатынастың негізін жасадық,  енді алдымызда  азаматтардың рухани жағынан ой-санасын жетілдіру мәселесі тұр.  Мемлекетіміздің рухани жаңғыру жайында мән-мағынаға толы жаңа кітаптар дүниеге келіп, рухани байлығымыз  дүние жүзілік әдебиеттің алтын қорына енуі тиіс. Осылайша, жастар прогматизмге ұмтылып, шет тілі мен компьютерді жетік меңгерумен қатар,  елдің тарихы мен мәдени құндылықтарын, рухани дүниесін бойға сіңіру қажет.  Бүгін осы мәселе туралы жастармен ашық әңгіме құрдық, — деді кеш қонағы Ө.Озғанбаев.  

 Кеш соңында Өмірзақ Озғанбаев Түпқараған ауданына еңбегі сіңген ардагер азамат Боқан Таңғұловқа «ҚР Ардагерлер кеңесіне – 30 жыл» төсбелгісін табыстады.

Жастар белгілі академик Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті  (ФОТО)– Елбасымыздың мақаласы заманымыздың қарыштап дамып, өркендеу тұсында көрсетіліп отырған маңызды тақырып болып отыр. Ардагерлермен бірге барлық қоғамдық ұйымдар, үйдегі ата-ананың өзі  жастарға елді сүю, патриоттық сезімді ояту, рухани құндылығымызды насихаттау сияқты дүниелерді айтып отыруы тиіс, — деді Боқан Таңғұлов.

Жастар белгілі академик Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті  (ФОТО) Ақшұқыр мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Абай Манешов кеш туралы өз ойын бөлісті:

 Өмірзақ атамыз бастаған елге еңбегі сіңген зиялы қауыммен кездесіп бір қуанып қалдық.  Расында да, атамыздың айтқан өсиет-әңгімесі өте орынды деп ойлаймын. Біз заман талабы техниканы меңгере отырып, тарих, төл әдебиет, мәдени құндылықтарды да ұмытпауымыз керек. Оқушы ретінде пікірімді айтар болсам, латын қарпіне өтуді қолдаймын. Өйткені қазір оқушылардың көбі ағылшын тілін біледі, ал ағылшын тілін меңгергендер үшін латын қарпі қиын болмайды деп ойлаймын

            Ұлттық сана, ұлттық дәстүр, қазақ фольклоры, жыр-дәстүрі, тарихы мен әдебиеті қазақтың болмысымен біте қайнасып жатыр.  Маңғыстау өңірі  тарихи ескерткіштер мен рухани байлықтан да кенде емес, мұның бәрін жас ұрпақ тануға міндетті.

Айгүл ДӘДЕН

Суреттерді түсірген автор

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз