Көркейту және абаттандыру мақсатында қаламызға тұңғыш рет 1000 дана шырша әкелінді. Оны арнайы «Құрылысшы-7» компаниясы Ақтау қаласы әкімдігіне тарту етті.  

Бүгін олардың  бір тобы қала әкімдігі мен «Қала жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және компания өкілдерінің қатысуымен «Ақбота» саябағына  жайғастырылды.

«Құрылысшы-7» ЖШС шыршаларды арнайы Ресейден тапсырыспен алдырған. Ол үшін компания есебінен 50 млиллион теңгедей қаржы жұмсалған.

-Ағаштар «Ақбота» саябағын көркейту,  осы саябақтың ішін абаттандыру мақсатында отырғызылып жатыр. Артылып қалған бөліктерін қаламыздың басқа да орындарына қолданамыз. Қала әкімдігі атынан аталған компанияға зор алғысызымызды білдіреміз, — дейді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Берік Ізғалиев.

«Неліктен шырша деген мәселеге келсек, біздің өңірде қара ағаш өте көп. Өзге ағаштар сирек кездеседі. Біз сол олқылықтың орнын толтырғымыз келеді. Оның үстіне шырша ұзақ өмір сүретін өсімдік. Қысы-жазы көгеріп тұрады» деп атап өтті «Құрылыс-7» компаниясы директорының кеңесшісі Шадрах Ермекбайұлы. Сондай-ақ, Шадрах мырза: «Шыршаларды әкелмес бұрын алдын-ала ойластырып, мамандармен ақылдастық. Ташкент қаласында тұратын  89 жастағы ардагер ботаникпен хабарласып, кеңескенімізде біздің аймағымызға тек Ресейдің Пензен және Ростов облыстарының өсімдіктері бейімделе алатынын жеткізді. Сондықтан сол жақтардан әкелдік» деді. 

«Құрылысшы – 7» компаниясы шыршаларды жеткізіп, қала әкімдігіне және «Қала жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тапсырды. Олар енді шыршалардың жерсініп, жайқалып өсуін, күтімін қадағалайтын болады. Барлық шырша қаладан орын тепкен соң компанияға сол жөнінде есеп береді.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Ақтауда тұңғыш рет 1000 түп шырша отырғызылады

Ақтауда тұңғыш рет 1000 түп шырша отырғызылады

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз