Алтынзер Сабыр Адай

Ақтаулық жыр сүйер қауым рухани-кәусарға сусап-ақ қалған екен Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының үлкен залын ақын, Халықаралық Махамбет сыйлығының лауреаты, Президент сыйлығының иегері Сабыр Адайдың жыр кешіне жиылған жұрт лық толтырды.

Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО)

Оқырманға әр жылдары «Таңғы нөсер», «Кетемін көкке жұлдыз боп», «Жұмбақ түннің жылуы», «Әр қазақ — менің жалғызым», «Қазақстан – жалғыз ұлы қазақтың», «Серттесу» жыр жинақтарын ұсынып үлгерген арқалы ақынның «Алтынзер» еңбегі де жалынды патриоттық жырларымен ел алдындағы перзенттік парызын өтеуді мақсат еткен ұлтжанды жүректің лүпілі, қазақтың ұлы мұраты – мәңгілік ел болуды аңсаған азамат ақынның сөзі деуге болады.

Кеш қонақтары алдымен С.Адайдың «Он сегіз мың ғалам және ксенофобия дерті» шығармасының желісін негізге ала отырып, режиссер Г.Мерғалиеваның дамыта сахналауымен қойылған «Үрей дертін» тамашалады. Соңғы уақытта о баста жаратушы шебер үйлестірген адамзат пен жұмыр жердің қарым-қатынасындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан туындаған ксенофобия дертінің залалынан айығу жолын – рухани дүниені жаңғырту деп көрсеткен ақынның тұжырымы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасымен үндес келуі көпшілікке ой салмай қоймайтын мәселе. Осы мәселенің түрлі қырларын шебер аша білген қойылым бүгінгі заманның бет-пердесін сыпырып, шынайы сюжеттер арқылы қоғамның  өзекті келеңсіздіктерін көрермен алдына жарқырата жайып салды.

Кешке қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов: «Бүгін шын мәнінде, қазақтың қара өлеңі төрге шыққан күн ғой деп ойлаймын. Сабыр ақынның «Әр қазақ — менің жалғызым» деген бір ауыз сөзі ұлттың ұранына айналды! Алаштың арлы азаматы деген абыройыңыз арта берсін!-деп, кеш иесінің иығына шапан жауып, халыққа рухани азық – асқақ жыр сыйлағаны үшін алғысын айтып, «Құрмет» грамотасын тапсырды.

Ақынның өлеңдерін театр әртістері мәнерлеп оқып, кешке қатысушыларды Сабыр Адайдың өмір жолы және шығармашылық жетістіктерімен таныстырды. Сахнадан Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова секілді өнер саңлақтарымен қатар, жергілікті өнерпаздар Жоламан Көшкінов, Есенбай Құли, Жеңіс Тәуірбаев өнер көрсетті.

Кеш барысында қоғам қайраткері, өнержанашыры Иманғали Тасмағамбетовтың құттықтау жеделхаты оқылып, Ақтауға арнайы шақырылған түркітанушылар Серкан бей, Ахмет бей, танымал ғалымдар Ислам Жеменей, Бердібай Шалабаев, өнертанушы Сергей Әзімов т.б. бір топ қонақтар атынан академик Намаз Ізімбергенов, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, дарабоз ақын Есенғали Раушанов сахнаға шығып, ақынға құттықтау тілегін арнады. «Адай ата» қоры алқа мүшелері атынан, еңбек ардагері  Саламат Нұрұлы сөз сөйлеп, шапан жауып, сый кәде ұсынды.

Жырлары Қазақстанның соңғы 200 жылдағы таңдаулы елу ақыны шығармаларының алтын қорына енгізілген, Бейнеу және Маңғыстау ауданының құрметті азаматы Сабыр Адайдың  «Алтынзер» атты жыр кеші өз жалғасын «Нұр Плаза» мейрамханасында тапты. Өнерпаздар тойшы қауымға ән-күйден шашу шашып, ақ тілектер екі күн бойы толастамаған ақ жаңбырдай жауды.

Үміт ЖӘЛЕКЕ
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО) Сабыр Адайдың "Алтын зер" шығармашылық кеші өтті (ФОТО)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз