Алматы қаласында Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Жарыста ТМД елдерінен жиналған спортшылар бақ сынады. Турнир отандық грек-рим күресін насихаттау және шетелдік спортшылармен байланысты нығайту мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Халықаралық додада Маңғыстау облысының намысын 4 спортшы қорғады. Олардың арасынан Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Жоғары спорттық шебердегі мектептің оқушысы Руслан Есентаев дара шауып, екінші орынды қанжығалады.

-Руслан барлығы бес кездесу өткізіп, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан палуандарынан басым түсті. Алайда шешуі кезеңде қарсыласқа жол беруге тура келді. Біздің барлық спопртышалымыз мықты белдесу өткізді. 120 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әлібек Сәрсенғалиевті де атап өткім келеді. Жас палуанға сәл ғана сәттілік жетіспей, өзбек палуанына жол берді. Дегенмен ептілігі мен шеберлігі өте мықты, болашағынан мол үміт күттіретін спортшы, — Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Жоғары спорттық шебердегі мектептің жаттықтырушысы.

Айта кетейік, Руслан Есентаев пен Әлібек Сәрсенғалиев грек-рим күресінен  Азия чемпионатына қатысуға үмітті. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз