Жақында «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі («МОАА» ЗТБ) облыстық ішкі саясат басқармасының 2017 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылатын үш жобамен таныстыру мақсатында баспасөз мәслихатын өткізді. Онда «МОАА» ЗТБ президенті Жібек Ахметова азаматтық секторда  болып жатқан кейбір өзгерістерді атап өтті, әр жобаның мақсатына тоқталып, журналистер сауалдарына жауапПрезентация проектов НПО 005

 Қоғамда болып жатқан өзерістерді еліміздің азаматтық секторының қарқынды даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастыруға болады,-деді Ж.Ахметова.-Өткен жылдан бастап мемлекеттік қызметтің кейбір түрін үкіметтік емес ұйымдар көрсете бастады, ал биылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауы бірыңғай мемлекеттік сатып алу порталы арқылы өткізіледі. Сонымен қатар, ҮЕҰ қаржыландыру көзі ретінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстан басқа, мемлекеттік және шетел донорларының гранттары да бар. Алайда, іс жүзінде үкіметтік емес ұйымдар ондай гранттарға қатысу жөнінде толық ақпараттанбағаны байқалып жатады. Сонымен, жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін көтеру және болып жатқан өзерістердің тиімді жүзеге асыру мақсатында ҮЕҰ-на білікті кеңес қажеттілігі туындайды. Аталған міндеттерді шешу үшін «МОАА» ЗТБ осы жылы Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының «Облыстық ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес секторды дамыту»  жобасын жүзеге асырады. Жобаның мақсаты—ресурстық орталықтар, мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтар, бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті тұрғындармен ынтымақтастықты нығайту арқылы үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық бастамаларды дамытуға ықпал ету. Аталған жоба аясында ҮЕҰ өкілдерін, ауыл әкімдігі қызметкерлерінің және жергілікті қауымдастық мүшелерінің әлеуетін оқыту шараларын және пікірталас алаңын ұйымдастыру арқылы көтеру, ҚР өзге аймақтарындағы үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасындағы оң тәжірибелерімен алмасу мақсатында ҚР басқа аймақтарына сапар ұйымдастыру, 2017 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың мониторингісі және өңірдегі өзге үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде 2018 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы өзекті әлеуметтік-маңызды жобалардың тізбесін дайындау жұмыстары жоспарланған.

  Бүгінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Қазақстан мемлекеттілігінің дамуында маңызды орын алады. Жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында жергілікті билік өкілдері қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-қаржылық жағдай жасауы тиіс, ал жергілікті қауымдастық аталған заң аясында жергілікті өзекті мәселелерді шешу процесіне белсенді ат салысуы қажет. Сондай-ақ 2018 жылдан бастап, «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес, ауыл тұрғындары өздерінің жергілікті бюджет қаражаттарын басқару мүмкіндігіне ие болады және аталған процесс жергілікті халықтың қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл өзерістер ауыл әкімдері мен жергілікті қауымдастық мүшелерінің әлеуетін көтеру қажеттілігін тудырады және осыған орай, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық мониторингті жүзеге асыру қағидалары мен тетіктерін түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар жүргізу» жобасы жүзеге асырылады. Жобаның мақсаты жергілікті өзін-өзі басқару механизмдері мен қағидаттарын жүзеге асырылуына және жергілікті қауымдастық мүшелерінің шешім қабылдау процесіне қатысу белсенділігін арттыруға ықпал етуге бағытталған. Жоба аясында ҮЕҰ өкілдерінің, ауыл әкімдік қызметкерлерінің және жергілікті қауымдастық мүшелерінің әлеуетін оқыту шаралары арқылы көтеру, азаматтардың қоғамдық мониторингкке қатысуын кеңейтуге бағытталған тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, облыстың барлық ауылдарын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру принциптерін және механизмдерін түсіндіру бойынша ақпараттық науқан өткізу жүмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

  Презентация проектов НПО 010

Биыл жүзеге асырылатын үшінші жоба—«Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру». Ол ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамның төзімсіздігін қалыптастыруға бағытталған. Жемқорлыққа қарсы күреспен мемлекет қана емес, азаматтық қоғам да айналысуы керек. Азаматтық қоғамды тарту жемқорлықпен күресудің тиімді тетіктері болып табылады. Жоба аясында тұрғындар мен сарапшыларға сауалнама жүргізу арқылы жемқорлықпен күресудің өзекті мәселелері зерттеліп, оларды шешу үшін қажетті мемелекеттік органдар мен ұйымдарға ұсыныстар әзірленеді. Сонымен қатар облыс бойынша ҚР 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегияны түсіндіру, кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар арқылы мемлекеттік органдардың жемқорлыққа қарсы шараларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу, адамдар көп жиналатын орындарда қоғамдық қабылдау ұйымдастыру және жемқорлыққа қарсы арнайы мобильдік топ жұмысын жалғастыру жұмыстары жүргізіледі.

  Сондай-ақ «МОАА» ЗТБ президенті бірінші жобаға 4 миллион, екінші жобаға 2 миллион 800 мың, ал үшінші жобаны жүзеге асыруға 3 миллион 700 мың теңге бөлінгенін және бұл қаржының табысты игерілетініне сенімді екендігін жеткізді.

  Валентина ҚОЗЫБАҚОВА.