Дүйсенбі күні аудан әкімі Ж. Айтуаровтың төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік сатып алу, бюджет қаржысын уақытылы игеру, мектептердің мерзімді жөндеуі туралы сөз қозғалды.

Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымызда іске асатын 27 әлеуметтік нысанға  382561 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 360640 мың теңге, жергілікті бюджеттен 21921 мың теңге қаралған.  Ауылдарда салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолы, мектепдердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмыссыздықтың есебіне тұрған азаматтар алынуда.

Ендігі мәселе – жасалған жұмыс талапқа сай, сапалы болуында. Халық игілігін көретін әлеуметтік нысандардың сапасын бақылауды ауыл әкімдері мен жауапты тұлғаларға шегелеп тапсырған аудан әкімі халық қазынасынан шыққан қаржының тиынына дейін тиімді жұмсалып, ел қызығын көретін жұмыстар жасалу керектігін тағы бір мәрте ескертті.

Л. АШЫҚБАЙ

IMG_0002

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз