Абишаев Расул

2019 жылдың мамыр айының 16 жұлдызынан Жаңаөзен қаласы әкімінің №34 ж/қ Өкімімен, Абишаев Расул Жумабекович Қызылсай ауылы әкімі болып тағайындалды.

Абишаев Расул Жумабекович — білімі жоғары, 2009 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Аймақтану» мамандығы бойынша бітірген.

2010-2011 жылдары «Жаңаөзен қалалық «Каспий» педагогика және салалық технлогиялар колледжінде оқу бөлімінің хатшысы, оқу өндірістік тәжірибе бөлімінің меңгерушісі;

2011-2012 жылдары «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, бас маман;

2012 жылы «Жансая» жекеменшік қонақ үйінде атқарушы директор;

2012-2013 жылдары «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман;

2013-2015 жылдары «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман;

2015-2017 жылдары «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

2017-2019 жылға дейін Қызылсай ауылы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.