ММГ Министрлер

Үкімет мүшелері Маңғыстаудағы ірі мекемелердің басшыларымен кездесті. Жиында өңірдегі түрлі кәсіпорында еңбек ететін жұмысшылардың жағдайы, олардың әлеуметтік мәселелері талқыланды. Бердібек Сапарбаев Маңғыстаудың ел экономикасының доноры екенін айтып, өндіріс көлемін төмендетпей, жалақыны дер кезінде төлеу керектігін тапсырды.

«Жұмысшылардың алдындағы уәделерді толық орындау керек, Елбасының тапсырмасына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жүріп жатыр. Ұжымда меморондумға қол қойылады. Өздеріңізге алған міндеттерді толық орындау керек», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.

ММГ Министрлер

Өңірде 9 мыңға жуық белсенді кәсіпорын бар, онда 244 мың жалдамалы жұмысшы қызмет етеді. Осы жылы 24 кәсіпорын еңбекақыны көтерген. Осылайша, 10 мыңнан астам қызметкер талабын орындаған. Бұдан бөлек, министр шетелдік мекемелердің жұмысшыларға бірдей жағдай жасауын тапсырды.

«Егер шетелдің компаниялары Қазақстан жерінде еңбек етсе, заңға сәйкес жұмысшыларын бөлмеу керек. Екі түрлі жағдай жасамауы тиіс. Барлық сұрақтар мен жағдайлары бірдей қаралуы қажет. Бұдан бөлек, аз қамтылған жанұялардың әлеуметітік жағдайын жасау да маңызды», — деді Бердібек Сапарбаев.

Иә, аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созу маңызды деген министр — мемлекет осыған аса мән беретінін айтты. Қазір өңірде 80-нен астам ірі компанияда көпбалалы жұмысшы бар. Бүгінде тек кейбір мекемелер ғана тұрақты көмек береді.

«Ұжымдық шартта 8 түрлі әлеуметтік көмек қарастырылған. Ең бастысы, көп балалы отбасын асырап отқан отбасыға арналған. Мысалы, 2018 жылы 4 және одан көп баласы барларға 192 млн. теңге жәрдемақы төленді. Бүгінгі таңда компания басшылығы мен халық банкі басшылығы арасында аз қамтылған отбасыларға 2 пайыз ипотекалық несиелер беру туралы шарт жасалуды. Үй-күйі жоқ адамдарға, бұрын 10 пайыз болса, қазір 2 пайыз», — деді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Бақыт Иманбаев.

Үкімет мүшелері компанияның бастамасына оң бағасын берді. Сондай-ақ, жиында сервистік мекеме басшылары өз мәселелерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз