ministr kabyldau жеке қабылдады

Үкіметтік делегацияның Маңғыстауға жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке қабылдады.

Ерманова Балзира көп балалы ана, бір баласы 1 топтағы мүгедек. Ол мүгедек балаларды күтетін аналарға зейнетақы тағайындау туралы Гүлшара Әбдіқалықоваға сұрақ қойды. Заңға сәйкес, мүгедек балаларды күтетін аналарға бекітілген еңбек өтілі бойынша базалық зейнетақы қарастырылған. Қалғаны зейнетақы қорына өз аударымдары болуы тиіс.

ministr kabyldau жеке қабылдады

«Біз барлық әйелдермен кездескенімізде, өз келешегіне қамқорлық жасау қажеттігін түсіндіреміз. Бала күтіміне байланысты демалыста жүрген аналарға өз бизнесін ашуға мемлекет көмек көрсетілетін болады. Осы жылдан бастап бизнесті ашуға, жеңілдікпен шағын несие алуға қажетті мамандықтарға оқытуға гранттар қарастырылған. Жеке кәсіпкер ретінде өз кәсіпорнын тіркеп, зейнеткерлікке қаражат жинай аласыз», — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Балзира Ерманова мүгедек балаларды оңалту үшін бір курс массаж жеткіліксіз, қосымша курс қажет екенін атап өтті. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстауда мүгедек балаларға арналған оңалтудың екінші курсы қаржыландырылатынын айтты.

Қазіргі уақытта әйел азаматтары басқа мүгедек балаларға көмек көрсете алады. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов қоғамдық қызметтің осы түрін дамытуға көмек көрсетуді ұсынды: қажетті құрал-жабдықтарды алып, мамандарды іздестіруде көмек көрсету керектігін жеткізді.

Нұра Әбдібақықызы 6 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Қазір 40 мың теңгеге тігінші болып қызмет атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттен 114 мың теңгеден астам сомаға жәрдемақы алады. Бердібек Сапарбаевпен жеке кездескен ана, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен баспана алуға көмектесуін сұрады. Министр облыс әкімінің орынбасары Руслан Сәкеевке бұл мәселені заңға сәйкес бақылауға алуды және қарауды тапсырды.

Гайбатов Руслан мүмкіндігі шектеулі адамдардың жеке көмекшілерімен жұмыс істеу қиындықтары туралы айтты. Мысалы, қазір жеке көмекшінің қызметі бәсекелестік ортаға берілді, бұл қызмет алушылар мен уәкілетті орган арасындағы даулы жағдайларға әкеп соғады. Министр қызметтерді тікелей уәкілетті органмен және жеке көмекшімен жасау қажеттігін атап өтті, өйткені тұлғааралық қатынастар мен коммуникация аспектісі маңызды.

ministr kabyldau жеке қабылдады

Премьер-Министрдің орынбасары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 14 азаматтың өтінішін қабылдады.

Әрбір қаралған мәселе бойынша ақпараттық түсініктемелер беріліп, облыс басшылығына бірқатар сұрақты бақылауда ұстау керектігі айтылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз