Бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев және Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезекті отырысы өтті.  Күн тәртібінде — «Маңғыстау облысында кәсіпкерлік дамыту проблемалары мен перспективаларын талқылау». Жиналыс аясында «Атамекен» ҰКП Маңғыстаудағы атқарған жұмыстары кешенді түрде талданып,  кәсіпкерлердің мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды. Маңғыстау кәсіпкерлері тарапынан  «Атамекен» ҰКП өкілдеріне көкейінде жүрген сұрақтары қойылып, ашық диалог жүргізілді.

        Маңғыстауға жұмыс сапарымен Тимур Құлыбаев келді (ФОТО)  Жиналыс басталмас бұрын, Маңғыстау облысының кәсіпорын өндірістерімен танысты. Тимур Құлыбаев пастерленген түйе сүтін және сүт коктейльдерін шығарумен айналысатын ЖШС «W DOS AGARGAN» аралаудан бастады. Компания 2017 жылы ашылған, қазіргі таңда 12 адам еңбек етеді. Алдағы уақытта штатты 200-ге дейін кеңейту жоспарланып отыр.  Көрме аясында Тимур Құлыбаевқа «Атамекен» ҰКП қолдауымен  өңірде кәсібін бастаған бір топ азаматтар өз кәсіптерінің нәтижесін таныстырды. Олардың ішінде «Ботагөз» түйе шаруашылығы ұжымы, «Шетпе сулары LTD» су өнімін дайындайтын мекемесі, «Kazyna Production Media Group»  салтанат кештерін ұйымдастару орталығы, «Өзен Цемент» цемент даярлау цехы ,  «Мағаш»   ұн өнімдерін дайындайтын кәсіпорны, «Алтын ғасыр» қонақ үй кешені  т.б.  жобалар бар.

 «Атамекен» ҰҚП қолдауымен жүзеге асқан жобалардың бірі – «Алтын ғасыр» қонақ үй кешені.  Жаңаөзен тұрғыны, жоба авторы Шәкіров Есенбек:

Маңғыстауға жұмыс сапарымен Тимур Құлыбаев келді (ФОТО)— 2007 жылдан бері кәсіпкерлікке бет бұрдым. «Алтын ғасыр»  кешенін 2013 жылы қолға алдық. Бірінші 500 адамға арналған «Алтын ғасыр»  мейрамханасы ашылады. 49 адам сыятын  21 бөлмелік қонақ үй де бұл кешенге кіреді. Сондай-ақ, 14 кабинеттен тұратын бизнес-орталық, 50 адамдық конференц-зал салынған.  

            «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев алдымен жиынға қатысып отырған азаматтарға алғыс айтты.

Маңғыстауға жұмыс сапарымен Тимур Құлыбаев келді (ФОТО) — Кәсіпкерлер палатасы жыл бойы кәсіпкерлерге қолдау білдіріп, аяққа тұруға көмектесіп, кәсіп ашуда кездесетін қиындықтарды шешуге  тырысады. Ең маңызды сұрақ – Маңғыстау облысы дамуының өңірлік картасы.  Маңғыстау облысы – жаңа жобаларды жүзеге асыруда көшбасшы өңірлердің бірі.  Мұнда мұнай және газ, мұнай-газ сервистері, мұнай-газ секторына арналған тауар және өнім, көліктік-логистикалық салаға қатысты жобалар кеңінен дамуда, мұндай мүмкіндіктер өңірдегі кәсіпкерлердің жұмыстануына үлкен ықпал етеді, — дейді Тимур Құлыбаев.

Маңғыстауға жұмыс сапарымен Тимур Құлыбаев келді (ФОТО) Маңғыстауға жұмыс сапарымен Тимур Құлыбаев келді (ФОТО) «Атамекен» Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов  өңірлік палатаның соңғы жылдардағы көрсеткішіне кеңінен тоқталды:  

Маңғыстауға жұмыс сапарымен Тимур Құлыбаев келді (ФОТО) 

 Қазіргі таңда Маңғыстау – еліміздегі ІЖӨ 5%-ын өндіретін, қарқынды дамып жатқан облыстар қатарында. Палатының алға қойған мақсаты орындалу үшін жергілікті атқарушы органдармен  серіктестік байланыс орнатылып, бизнес пен билік арасында диалог жүргізіліп келеді. 

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кәсіпті қолдау аясында 8 қызмет түрін ұсынуда: жұмыспен қамту орталығы, Ақтау қалалық әкімшілігі, «Жаңасерпін», ХҚКО, МКБ, инвесторлармен жұмыс жасау бөлімі, сондай-ақ, техникалық қызмет көрсету бойынша  сұранымдар қабылдануда.

 Агроөнеркәсіпті дамыту мақсатында 500-ге жуық кәсіпкермен кездесу өткізілді, Егін және мал шаруашылғына қатысты  түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, облыстың 4 ауданында жер телімдері бөлінді: Жаңаөзенде – 130 га, Мұнайлыда – 80 га, Маңғыстау ауданында – 42 га, ао Қарақияда – 20 га.

Маңғыстауға жұмыс сапарымен Тимур Құлыбаев келді (ФОТО)Тимур Құлыбаев облыс әкімі Ералы Тоғжановты жаңа лауазымымен құттықтады.

– Маңғыстау – кәсіпке бей-жай қарамайтын, белсенді кәсіпкерлер тұратын динамикалық облыс. Мұнда табиғи климаттық кедергілерге қарамастан,  ауыл шаруашылығы мен  егін шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар.   Біз облыс әкімшілігі, сондай-ақ, өзге де экономикалық орталықтардың көмегімен Маңғыстау дамуының өңірлік картасын құрғымыз келеді.  Жобалардың жақсы нәтиже беріп, қолдау табуына көмектесіп отырған  Маңғыстау облысы әкімдігіне алғыс айтамын. Мәселен, өңірлерді алып қарасақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ғимараты Қызылорда мен тек Маңғыстауда ғана бар, -дейді ол.

 P.S. Отырыста жеке кәсіпкерлер өз кәсібіне қатысты маңызды сұрақтар қойып, «Атамекен» ҰКП басшыларынан мардымды жауап алды. Бұл туралы кеңірек келесі мақалада тоқталатын боламыз.

Айгүл ДӘДЕН

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз