Оқиға бүгін 13:30 шамасында 7 шағын аудандағы аурухана маңында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, келіншек ауруханадан шығып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан. Сол уақытта оны «Toyota Hilux» көлігін тізгіндеген жүргізуші қағып кеткен.

Оқиға орнында болғандар жәбірленушінің 18 метрдей қашықтыққа құлап, басымен тас жолға қатты соғылғанын баяндады. Оны жедел жәрдем алып кеткенде ес-түссіз жатқан. Ресми емес мәліметтерге қарағанда, көлік иесі ащы судан ұрттап алған.

Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйел 1979 жылы дүние келген. Өте ауыр жағдайда емханаға жеткізілген.

-Жәбірленушінің бас сүйегіне зақым келген, миына қатты соққы тиген, кеуде, құрсақ тұстары жырылған. Қазір жан сақтау бөлімінде. Тексеру жүргізіліп жатыр. Жағдайы ауыр, — дейді облыстық аурухананың шұғыл көмек көрсету бөлімінің бастығы Нәдірқожа Мұсаев

Дереккөз: lada.kz

Ақтауда жүкті әйелді көлік қағып кетті Ақтауда жүкті әйелді көлік қағып кетті Ақтауда жүкті әйелді көлік қағып кетті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз