Сурет rbc.ru алынған

Париждегі Нотр-Да́м шіркеуінде шыққан алапат өрт сөндірілді, — деп хабарлайды ТАСС агенттігі Le Figaro басылымына сілтеме жасап.

«Өрт сөндірілді. Қазір ғимараттың қызып тұрған қабырғаларын салқындатуға күш салып жатырмыз, өрттің қайта тұтанбайтынына көз жеткіземіз», — делінген өрт сөндірушілердің хабарламасында.

Өрт сөндірушілерге сілтеме жасаған Le Parisien газетінің жазуынша, өрт тек «ішінара сөндірілген».

Еске сала кетейік, Нотр-Дам де Пари соборында 15 сәуір күні жергілікті уақытпен 18:50-де өрт шыққан болатын.

Алдын ала деректерге қарағанда, өрт шіркеудің үстіңгі бөлігіндегі жөндеу жұмыстары кезінде тұтанған болуы мүмкін.

Дереккөз: ҚазАқпарат