Сурет сайт архивінен

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мәселелері туралы заңдарға қол қойды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

  • Мемлекет басшысы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
  • Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.