jarmenke Жаңаөзен жәрмеңке

Жаңаөзен қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Атап айтар болсақ, саудагерлер көрші жатқан Түрікменстан және Өзбекстан елінен келген.

Халық үшін баға өте тиімді. Мысалы, күнделікті асқа қажетті сәбіздің келісі – 100 теңге, картоп пен пияздың келісі – 90 теңге болса, одан бөлек жеміс-жидектер: алма – 200-330 теңге мөлшерінде, апелсин, банан, алмұрт келісі – 500-600 теңге аралығында сатылды.

jarmenke Жаңаөзен жәрмеңке

Сондай-ақ жәрмеңке алаңынан тиімді бағада шұжық, май, ет және сүт өнімдерін де таба аласыз. Жобалап есептеуімізше, жәрмеңке бағамы күнделікті дүкен сөрелеріндегі азық-түлікке қарағанда 20-30 пайызға арзан. Жүздеген халық қалаған саудасын жасап, дән риза көңілмен қайтты.

Өзбек саудагерлерінің басым көпшілігі Хорезм уалаятынан келген. Онға жуық жүк көлігіне жеміс-жидек пен азық артып, қалаға жеткен саудагерлердің айтуынша барлығы да аулада өскен табиғи өнім.

 Мадияр ТӨЛЕУОВ,

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз