Үкіметтің жұмыс тобы Жаңаөзен

Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Жұмыс тобы сапарын Жаңаөзен қаласынан бастады. Тұрғындармен жүздесіп, әлеуметтік нысандарды аралады. Кездесу барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық ұйымдар мен кадр мәселесі шешілетінін жеткізді.

«Еліміз бойынша үш жылдың ішінде 595 медициналық ұйым ашылады. Оның ішінде емханалар, дәрігерлік амбулаториялар бар. Оның көбі осы Маңғыстау облысында болады. Әрине, олар ашылған дәрігерлер қажет. Көптеген мәселе кадр тапшылығына байланысты. Оны  шешу үшін осы жылдан бастап оқыған дәрігерлерді ауруханаларға, емханаларға жібермекпіз. Сонымен 1-2 жыл ішінде кадр мәселесі шешіледі деп ойлаймыз», — деді Е.Біртанов.

Үкіметтің жұмыс тобы Жаңаөзен

Сондай-ақ ол Жаңаөзендегі аурухана бұрынғыдан екі есе науқасқа көмек көрсететін дәрежеге жететінін айтты.

«Жаңаөзен қаласында 2 аурухана бар. Қалалық аурухана құрылысын бітіру үшін «ӨзенМұнайГаз» 2,6 млрд теңге бөліп отыр. Ол екі жыл ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазір 190 төсек орын болса, ол 400 орынға көбеймек. Қажетті құрал-жабдық, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі», — деді министр.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз