ҚР Парламенті Сенаты «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына жауап ретінде өкілеттігі жалғасатын жоғарғы палата депутаттарының есімін хабарлады.

Хатта айтылғандай, 2014 жылғы қазанда сайланған депутаттардың өкілеттігі жалғасады.

Атап айтқанда, олар: Әкімов Рашит Қайыржанұлы (Ақмола облысынан), Тағымов Марат Мырзағалиұлы (Ақтөбе облысынан), Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы (Алматы облысынан), Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы (Атырау облысынан), Плотников Сергей Викторович (ШҚО-дан), Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы (Жамбыл облысынан), Мұқаев Ерболат Рахметұлы (БҚО-дан), Ершов Сергей Михайлович (Қарағанды облысынан), Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы (Қызылорда облысынан), Еламанов Бекмырза Қайыпұлы  (Қостанай облысынан), Бортник Михаил Михайлович (Маңғыстау облысынан), Көбенов Манап Шарапиденұлы (Павлодар облысынан), Перепечина Ольга Валентиновна (СҚО-дан), Бектаев Әли Әбдікәрімұлы (ОҚО-дан), Мұқашев Төлейбек Төлеуұлы (Алматы қаласынан), Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы (Астана қаласынан).

Еске салсақ, бұдан бұрын ҚР ОСК «ҚазАқпарат» ХАА сауалына жауап ретінде өкілеттік мерзімі 2017 жылы аяқталатын ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының тізімін берді.

Бұдан бұрын «ҚазАқпарат» ХАА депутаттыққа кандидат бойынша шолу ұсынды. Кандидаттарды ұсыну 29 сәуірде басталып, 28 мамырда аяқталады.  Сайлау 28 шілдеде өтеді. ОСК деректеріне сәйкес 15 мамырда 83 кандидат ұсынылды. Өзін-өзі ұсынғандар — 76, қалғаны — аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттар ұсынғандар.
Дереккөз: inform.kz 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз