Бүгін «Теннис орталығында» дәстүрлі түрде тоғызыншы рет дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталды. Шараның салтанатты ашылуына Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары Нұрпейіс Сәрсенбай, Аббат Өрісбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов және мәртебелі меймандар қатысты.

Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)

— Осыдан 9 жыл бұрын қолға алынған халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған турниріміз бүгінде тәуелсіз еліміздегі дзюдо жарыстары арасында географиялық жағынан алда келеді. Елімізде 100 мыңнан астам жасөспірім дзюдо күресімен шұғылданады. Олардың қатарында Маңғыстау топырағынан шығып, талай жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Жастар құрам командасының сапында біздің спорт мектебінің бес бірдей дзюдошысы Рамазан Мамаев, Бауыржан Нарбаев, Сұңғат Жұбатқан, Бауыржан Сағынғалиұлы, Ақниет Тұрдан өнер көрсетіп жүр. Бұл шәкірттеріміз биыл өтетін Әлем, Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады. Ал, бүгінгі жарысқа облыстың атынан 67 ұл мен 25 қыз бала қатысуда. Маусым айында Қарағандыда дзюдодан кіші жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтеді. Сондықтан да бүгінгі жарыс арқылы дзюдошыларымыздың шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттырмақшымыз,-дейді облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры әрі жарысты ұйымдастыршы Манарбек Бисекенов.

Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен спортшылар мен Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Ресей мемлекеттерінен 2002-2004 және 2005-2007 жылы туған 600-ге жуық балуандар қатысуда.

— Бұл жарысқа алғаш рет қатысып отырмыз. Халықаралық турнирге 6 спортшы алып келдік. Түске дейін өткен жарыста бір баламыз финальға шықты, екінші баламыз үшінші орынға таласатын болады. Жарыстың ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары екеніндігіне тоқталып кеткім келеді. Маңғыстаулық спортшылармен көршілес мемлекеттерде өтетін жарыстарда жиі кездесеміз. Расында да, Маңғыстауда дзюдо, самбо күресі қарқынды дамып келеді. Облыстарыңызда мықты балуандар, білікті бапкерлер көп,-дейді грузиялық мейман Гоча Гуташвили.

1-шағынаудандағы «Теннис орталығында» өтіп жатқан халықаралық жарысты тамашалау тегін.

Венера МИРЛАН
Суреттерді түсірген Ақерке Гагаринқызы

Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)

Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз