Қарақия ауданы әкімінің 2019 жылы 9 тамыздағы №105 өкімімен Рысбаев Қайрат Ерсұлтанұлы Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

Қайрат Рысбаев 1981 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында дүниеге келген. Жанұялы, 5 баласы бар.

1998-2002 жылдары «Қайнар» Алматы университетінің Ақтау филиалында «Халықаралық экономист» мамандығын алып шықты.

2015 жылы Almaty Management University университетінің «Мемлекеттік басқару менеджері» бойынша магистр.

Еңбек жолын 2002 жылы қараша айында Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маман қызметінен бастаған.

Кейін, 2002-2003 жылдары Маңғыстау облыстық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының жиынтық және талдау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2003 жылы Жетібай ауылындағы «Тұрмыс-сервис» МКК есепші болып жұмыс жасады.

2003 жылы Жетібай кенті әкімі аппаратына жетекші маман болып ауысып, 2007 жылға дейін бас маман есепші, ауыл әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2007 жылы шілде айында Қарақия ауданы әкімінің кеңесшісі қызметіне орналасқан.

2008 жылдың тамыз айында Қарақия аудандық статистика басқармасының басшысы қызметіне ауысып, ол жерде 2011 жылдың желтоқсан айына дейін жасады.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына орналасты.

2015-2018 жылдар аралығында «Жаңа серпін» орталығы МКК директоры болып қызмет атқарды.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА