munali gazet «Мұнайлы» газеті
Сурет сайт архивінен

Мұнайлы ауданының айнасына айналған «Мұнайлы» газетіне 2019 жылдың екінші жарты жылдығына жазылу жүріп жатыр. Мерейлі мекен атанған Мұнайлы ауданының тыныс-тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, барлық саладағы өсіп-өркендеуді кеңінен насихаттап жүрген төл басылымыңыз әрдайым жаныңыздан табылады деген сенімдеміз.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елді мекендердегі жылт еткен жаңалық пен жетістіктер үнемі газет бетінен орын алып келеді, әлі де орын ала береді. Алдағы уақытта газеттің тақырып аумағы кеңіп, барлық салалар бойынша жаңа айдарлар ашылады. Озық тәжірибе кеңінен насихатталып отырады. Сол үшін бүгінгі күні жүріп жатқан баспасөзге жазылуда ұйымшылдық танытып, «Мұнайлы» газетін рухани жан азығы ететіндіктеріңізге үміттіміз.

«Мұнайлы» газетіне «Қазпошта» АҚ арқылы 2019 жылдың екінші жарты жылдығына жазылу бағасын ұсынамыз: заңды тұлғалар үшін 1717 теңге 26 тиын, жеке тұлғалар үшін 1207 теңге 26 тиын.

Қадірлі мұнайлылықтар! «Мұнайлы» газеті әр шаңырақтың төл басылымына айналсын. Ұйымшылдықпен жазылыңыздар, жазып та тұрыңыздар!

«Мұнайлы» газетінің редакциясы