Сурет сайт архивінен

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан — 2050» Стратегиясын жүзеге асыру мен Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға тартып,  отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу мен қатар аудан спортшыларының арасындағы достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту мақсатында аудандық балалар — жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» ІХ Республикалық турниріне қазақ күресінен аудандық іріктеу жарысы өткізілді.

«Қазақстан Барысына» іріктеу

Боз кілемде белдесіп, сынға түскен палуандарымыз бар өнерін көрсетіп, арнайы төрешілер шешімімен жарыс нәтижесінде І орынды Жоламан Мұратов жеңіп алса, ІІ орынға Ақылбек Қуанышбаев ие болды. Ал, ІІІ орын Жарас Медешовке бұйырды.

Жеңімпаз атанған жүлдегерлер Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тағайындаған арнайы дипломымен,  кубоктары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Сондай-ақ, бірінші және екінші орынды иеленген Ж.Мұратов пен А.Қуанышбаев ағымдағы жылдың 26–27 сәуір күндері Ақтау қаласында өтетін облыстық іріктеуге жолдама алды.

Облыстың кезеңде бағын сынайтын ауданымыздың спортшыларына сәттілік тілеп,   жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.

Үміт ҚАЗДАЕВА